spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
-29 C
Kokshetau

«Заң және тәртіп»: Степногорск мектептерінде құқықтық тәрбие күшейтілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында Мемлекет басшысы ұсынған «Заң және тәртіп» басты қағидасын іске асыру бағытындағы жұмыстар кең ауқымда жүргізілуде. Аталған бастама аясында қаладағы 21 мектептің барлығында оқушыларға арналған «Прокурор сағаттары» ұйымдастырылып келеді.

Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және мектептерде қауіпсіз, тәртіпті орта құру. Шаралар Степногорск қаласының прокуратурасымен бірлесіп өткізіліп, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған.

«Прокурор сағаттары» дәстүрлі лекция түрінде емес, еркін сұхбат форматында өтуде. Прокуратура қызметкерлері оқушылармен тікелей диалог орнатып, оларды толғандыратын сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап береді. Кездесулер барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, заңды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндіріледі.

Сонымен қатар мамандар оқушыларға қиын жағдайға тап болған кезде заң аясында қалай әрекет ету керектігін, қай мекемелерге жүгіну қажеттігін айтып, маңызды құқықтық кеңестер береді.

Бұл бастама арқылы оқушылар заңның тек жазалау құралы емес, ең алдымен адам құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға арналған механизм екенін терең түсіне бастады. Мұндай жүйелі жұмыстар мектептерде буллингтің, құқық бұзушылықтың алдын алуға, балалардың өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне мүмкіндік беріп отыр.

«Заң мен тәртіп үстемдік еткен жерде ғана тұрақтылық пен даму болады. Біздің мақсатымыз – әрбір оқушыға заңның мәнін түсіндіріп, оларды жауапты әрі адал азамат етіп тәрбиелеу», – дейді Степногорск қаласының білім бөлімінің өкілдері.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ҮЕҰ өкілдерімен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды

Ақмола облысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика