spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-29.8 C
Kokshetau

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Аталған бастама аясында ағымдағы жылдың 12 қаңтарында 523 мектепте «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында бірынғай сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, адалдық, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын нығайту болып табылады.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, олардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде адал еңбек ету, әділдік және заңға бағыну қағидаттары насихатталды.

Тәрбиелік жұмыстар интерактивті форматта ұйымдастырылып, пікірталастар, ашық әңгімелер және өмірлік жағдайларға негізделген талдаулар жүргізілді. Бұл өз кезегінде оқушылардың белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетті тереңірек түсінуіне оң ықпал етті.

Ақмола облысының білім басқармасы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мектеп оқушыларына арналған үй зертханалары: Ақмола облысында білім беру жобасы іске қосылды

Ақмола облысында оқушыларға ғылымды тек сыныпта ғана емес, үй жағдайында да меңгеруге мүмкіндік беретін бірегей жоба басталды. Енді балалар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика