spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 23, 2025
15.2 C
Kokshetau

Өрт қауіпсіздігі айлығы: облыста сақтық шаралары жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтіп, қыс мезгілінде болатын өрттің алдын алу үшін ауқымды шара жүргізілуде. Өңірде 28 мыңнан астам үй тексеріліп, 900-ге жуық түтін мен улы газға қарсы датчик орнатылды. Бұл туралы Ақмола облысы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Досбол Жақсыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Құтқарушылардың айтуынша, өткен жылыту маусымында облыста 328 өрт тіркелген. Соның салдарынан 16 адам көз жұмып, 5 адам жарақат алған. Ал 10 адам дер кезінде құтқарылған. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін мамандар халыққа пештер мен электр сымдарын алдын ала тексеріп алуды ескертті.
«Біз 28 мыңға жуық үйді аралап шықтық. Әсіресе әлеуметтік жағынан осал отбасыларға ерекше көңіл бөлдік. Орнатылған датчиктер апаттың алдын алуға көмектеседі», – дейді басқарма бастығының орынбасары.
Тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да күшейтілді. Әлеуметтік желілерде хабарламалар жарияланып, баспасөз беттерінде мақалалар шықты. Қалалар мен ауыл көшелерінде дауыс зорайтқыш арқылы мыңнан астам үндеу айтылды.
«Ақпараттық жұмыстардың арқасында біз облыстың әрбір тұрғынына ескерпелерді жеткіздік. Енді тұрғындардың пештер мен электр сымдарын алдын ала тексеруі маңызды», – деп толықтырды спикер.
16 қыркүйектен бастап облыста өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі басталды. Ол 16 қазанға дейін жалғасады. Ал сақтық шаралары 2025–2026 жылғы қыс бойы жүргізілмек.
Мамандардың айтуынша, қарапайым ережелерді сақтау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика