spot_img
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
19.8 C
Kokshetau

Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: нақты нәтиже мен жаңа жоспарлар

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы ауданның 2025 жылдың алғашқы бес айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелерін жариялады.

Целиноград ауданы – Ақмола облысындағы ең тығыз қоныстанған әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Аудан экономикасының тұрақты өсімі барлық базалық салалардың үйлесімді жұмысымен қамтамасыз етілуде. Ағымдағы жылдың басынан бері аудан экономикасына 34 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға артық.

«Өнеркәсіп секторы қарқынды дамуда. Тау-кен өндіру саласындағы нақты көлем индексі – 254%, өңдеу өнеркәсібінде – 138%. Жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі 26,7 млрд теңгеге жетіп, 30%-дық өсім көрсеткен.2025-2028 жылдарға арналған 58 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында «Biolife proprevit» эко-сүт өнімдері және «Агрофирма Родина» ЖШС-нің роботтандырылған сүт фермасы секілді бірегей жобалар бар» , деді спикер.

Ауыл шаруашылығы – ауданның стратегиялық бағыты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 17 млрд теңгеге жетті. Егіс көлемі 261 мың гектарға дейін ұлғайып, майлы дақылдар алқабы 30,5 мың гектарды құрады. Минералды тыңайтқыштар көлемі 4 мың тоннаға жетті. Аграршылар 2 млрд теңгеден астам қаржыға 63 жаңа техника сатып алды.

Жыл басынан бері 47 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 14,4 млрд теңгені құрады. Ақмол ауылында 45 пәтерлі үй тапсырылды, тағы 10 үйдің құрылысы жалғасуда.

Жол және жарықтандыру жобаларына 19,5 млрд теңге бөлінді. 25 инфрақұрылымдық жоба 23 елді мекенде жүзеге асуда. 698 млн теңгеге көше жарықтандыру жобалары іске асуда.

«9 ауылда ауызсу желілері жаңартылып жатыр. Бүгінде сумен жабдықтау деңгейі – 56%. 24 ауылда 36 кешенді блок-модуль орнатылған. 2024 жылы қосымша 6 ауылда блок-модуль іске қосылған.Газдандыру жұмыстары аясында Нұрлы мен Шұбар ауылдары қосылды. Жыл соңына дейін тағы төрт ауыл – Қоянды, Аққайың, Талапкер және Ыбырай Алтынсарин газбен қамтамасыз етіледі», деді әкім.

Қараөткел, Қажымұқан ауылдарында электр желілері құрылысы жалғасуда. Софиевка мен Қошқарбаев ауылдарында желілер сенімгерлік басқаруға берілді. 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

Жыл басынан бері 577 адам жұмыспен қамтылды. 44 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. 8,3 млн теңге әлеуметтік төлемдерге бөлінді.
«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 7 жаңа мектеп салынды. Оқу орындарында тапшылық 8 есеге қысқарды. 3 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Ауданда 24 мәдениет үйі, 14 кітапхана, 233 үйірме жұмыс істейді. Жуырда «Әлия» спектаклі сахналанып, халық жоғары бағасын берді. 8 жаңа мәдениет үйінің құрылысы жоспарланған.

«99 спорт нысаны жұмыс істейді. 38 мыңнан астам тұрғын жүйелі спортпен айналысады. Жастар спорт мектебінде 1208 бала жаттығады.44 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. 16 жаңа медициналық мекеме салынады. Есепті кезеңде 5264 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. «Зиялы қауым» бағдарламасына 29 елді мекен қосылды»,деді спикер.

Целиноград ауданы барлық бағытта тұрақты даму көрсетіп отыр. Экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, мәдениет және қауіпсіздік саласындағы нәтижелер – тиімді басқару мен қоғаммен тығыз жұмыстың дәлелі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика министрі Ақмола облысындағы Степногорск ЖЭО-на барды

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жұмыс сапарымен Ақмола облысының Степногорск қаласына барды. Сапар барысында Степногорск жылу электр...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика