spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 13, 2025
20.2 C
Kokshetau

«ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

BOLASHAQ SARAIY ғимаратында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде қаржы пирамидаларына, интернет-алаяқтыққа, дропперсияға қарсы және интернет-гигиенаны сақтау іс-қимыл мәселелеріне арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өткізілді.
Аталмыш форум халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылық деңгейін арттыра отырып, көпшіліктің қаржылық қауіпсіздік саласындағы қазіргі заманғы трендтерді түсінуін қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, заманауи қаржылық тәуекелдердегі қауіптерді ажырата білуге және олардың алдын алуға үйретуді басты мақсат етеді.
Шара барысында Ақмола облыстық орыс музыкалық драма театрының актерлері қойылым қойып, онда әртістер адамдардың қаржы пирамидаларына жиі алданатынын және олардың осыған ұқсас түрлі алаяқтық жобалардың құрбаны болатынын айғақтайтын нақты мысалдардан тұратын көріністерін паш етті.
Жиында тергеу басқармасының басшысы М.Ж. Мұратов, полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Д. О. Жапаров, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы заң ғылымдарының кандидаты М. К. Жолымбаев баяндама жасады.
–Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті атынан бүгінгі шараның қызықты әрі ерекше мазмұны мен тәсілі үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді, – деді департамент басшысы М. Ж. Мұратов жиында сөйлеген сөзінде.
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен азаматтар арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға байланысты мәселелерді талқылау алаңдарын үнемі ұйымдастыруға және қолдауға дайын екендігін білдіреді.
Шара соңы өнерпаздардың дайындаған мерекелік концертімен аяқталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында еңбек құқықтарын сақтау және өндірістегі қауіпсіздікке бақылау күшейтілуде

2025 жылы Ақмола облысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңір кәсіпорындарында еңбек...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика