spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-27.8 C
Kokshetau

«Он алты қыз» ансамблі Ташкенттегі халықаралық байқауда топ жарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Жас Өрен» халықаралық шығармашылық байқауына «Көкшетау» мәдениет сарайы жанындағы «Он Алты Қыз» халықтық би ансамблі қатысып, биік деңгейде өнер көрсетіп, бірнеше жүлделі орындардың иегері атанды.

Байқау барысында ансамбль өз репертуарындағы би қойылымдарымен әділқазылардың жоғары бағысына ие болды. “Қыз ғұмыры” , “Орамал”, “Білезік” “Қамажай” (солист Белбасар Медина), “Аққу” (солист  Жансая Ементаева),  “Айжан қыз” дуэті Сабина Мусулмамбекова  және  Аружан Мазбаева аталмыш байқауда Бас жүлдені жеңіп алса, “Достармен бірге”, “Былқылдақ” (солист Халиола Амина), “Нәзік” (солист Гельманова Раяна) би қойылымдары жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды.

Сондай-ақ, байқау барысында ансамбльдің жетекшісі  Мадина Дусмогомбетова, өзінің кәсіби шеберлігімен көзге түсіп, қазылар алқасының арнайы құрметіне ие болды.
Әділ қазылар шешімі бойынша ансамбль ұжымы “ Үлкен отбасы” номинациясы иегерлері атанды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика