spot_img
Жұма, Маусым 20, 2025
19.2 C
Kokshetau

Антыңа адал бол жас сарбаз

Сондай-ақ...оқыңыз

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егеменді мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін….

(Қазақстан Республикасының Әскери анты мәтінінен үзінді)

Биылғы жылдың маусым айындағы соңғы онкүндігіндігінің жадыраған шуақты күндерінің бірінде 44841 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілгеннен кейін жеке құрамға Приозерск гарнизонының бастығы, 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Дидар Шаймуратович Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сай, Отан алдындағы борышты өтеу кезіндегі Әскери анттың маңыздылығын жеткізді. Лауазымды басшы полковник Дидар Шаймуратович өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» – деп жазылған. Әскери ант қабылдау рәсімі – бұл әрбір жауынгердің Ата заң алдындағы міндетіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшы тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ өз Отанын қорғауға әрқашан дайын болу керек екендігін білдіреді» – деп, ой түйді.
Бір сызық бойына сап түзеген жас сарбаздар салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Салтанатты жиында Приозерск қаласының әкімі Ахметов Мансұр Талгатұлы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, ҚР Республиксының құрметті азаматы Алшымбеков Тілек құттықтау сөз сөйледі.
Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын соңынан жас сарбаздар өздерінің әскери өмірге бейімделудің алғашқы күндерінде жинақтаған тәжірибелерін көрсетіп, жиналған қонақтарға, ата-аналарға және туған-туыстарына дене шынықтыру дайындығындағы спорттық жаттығу түрлері, жауынгердің қарумен саптық тәсілдері және спорттық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің қимылдарын іс-жүзінде көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны жоғары деңгейде асқан ұйымшылдықпен өтті.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Жұмашұлы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды

Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика