Балқаш қаласына жақын орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери әуе күштеріне қарасты полковник Асанов Азамат Нурумович басшылық ететін 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығына табан тірегенімізде, ашық алаңдағы қаз қатар тізілген әскери ұшақтарға көзіміз түсіп, кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигельдинов ағамыз да бала кезінде қолдан ұшақ жасап, жазиралы кең далада жүгіре ойнаған бала қиялмен «ер жеткенде ұшқыш болсам….» — деген арманда болған шығар деп, ой түйдік. Шындығында, армандар орындалады….
Алдымен, ат басын авиациялық оқу-жаттығу орталығының техникалық пайдалану бөлімінің авиациялық қозғалтқышқа регламент жасау және жөндеу тобына тіредік. Осы топқа жетекшілік ететін әскери әуе қорғанысы саласында көп жылдан бері мінсіз қызмет атқарып келе жатқан майор Даулетбаев Арман Кадыргалиевичтің қарамағында инженер, авиациялық аға техник, техник, аға маман және қосымша 2 маман кәсібіндегі маман иелері бар екен. Топтың басты мақсаты – әскери ұшақтың техникалық сипаттамасын қалыпты жағдайға келтіру үшін авиациялық қозғалтқышқа регламент жасау болып табылады. Топтағы жеке құрам арасынан инженер капитан Радион Вадимович Корешников, техник 3-ші сыныпты сержант Огай Евгений Юрьевич және маман ефрейтор Кәрімов Бауыржан Асқарбекұлы өздеріне тиесілі қызметтерін атқару барысында асқан жауапкершілік танытып келеді.
Келесі кезекте, өздерінің әскери ұшақты басқарудағы тәжірибелерін шыңдап жүрген курсанттардың тыныс-тіршілігіне көз жүгірттік. Ақтөбе қаласының екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтынан келген курсанттар авиациялық оқу-жаттығу орталығына үш жарым айға арнайы дайындықтан өтуге келген екен. Бізді қарсы алған курсантарға жол көрсетуші ұшқыш нұсқаушы капитан Ербол Нұрмолда қарамағында 19 курсанттың бар екенін жеткізді. Әскери шенді капитан Ербол Ермекұлы:
«Біздің авиациялық оқу-жаттығу орталығында курсанттар әскери ұшақты басқаруды үйренеді. Үш жарым айдың ішінде курсанттар іс жүзінде жан жақты дайындалады.
Басты назар – алдымен курсанттар медициналық тексерістен өтеді» — деп, жеткізді.
. Л -39 ұшақтарының ұшу практикасы;
. Ұшқыштардың ұшу тәжиребесін өз ара бөлісу;
. Ұшқыштардық теория жүзінде сабақ алу сәті;
. Бір топ аспан әлемінің тарландары;
. Нұсқаушы маманның курсатқа ұшу тәжиребесінің қыр сырын үйретуде;
. Қос курсант өз ара пікір алусуда;
. Нұсқаушы маман екі болашақ ұшқыштарға ақыл кеңесін беруде;
. Курсанттың сәтті ұшып келуі;
. Авиациялық қозғалтқышқа регламент жасау;
. Авиациалық топтың жетекшісі майор Даулетбаев Арман тежегіштерді тексеру сәті;
. Авиациалық топтың жетекшісі майор Даулетбаев Арман бастаған топ техниканың ақаулары мен түсініктеме жұргізу сәті;
. Бір топ техник маман өз ара алдағы жоспарлары мен бөлісу сәті;
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Жұмашұлы