spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
26.2 C
Kokshetau

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Сондай-ақ...оқыңыз

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары Монголияның Ұлан батыр қаласында инженерлік әскери қызметін өткерді.
1970-1974 жылдар аралығында Алматы қаласында өнеркәсіптік құрылыс техникумында оқып , құрылыс шебері (прораб строитель) мамандығын меңгерді. 1974-1975 жылдары жүргізуші болып еңбек етті. 1974 жылы Мариям Темирханқызына үйленіп, отбасылы болды. отбасында 1 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірді.
1975-1976 жылдарда құрылыс учаскесінің шебер-құрылысшы болып қызмет атқарды.
1976-1995 жылдары КОКП XXIV съезі атындағы совхозында аға құрылыс шебері қызметінде, 1983 жылы Социалистік жарыстың жеңімпазы, 1991 жылы “1991-баспана” бағдарламасын орындап, КСРО компартисының бас хатшысы М.С. Горбачевтің қолынан “Еңбек Қызылту орденімен” марапатталды. Құрылыс саласында адал еңбегі, жоғары деңгейдегі кәсібилігі үшін көптеген КЛКЖО (ВЛКСМ) құрмет грамоталарымен мадақталды.
1995 -1997 жылдар аралығында туған ауылы Дөңгілағашта төраға қызметін атқарып, 1986 жылы туған еліне мектеп және балабақша салдыру мақсатында жобасын құрып, мектеп салдырды.
1998-2014 жылдар аралығында «Тұлпар» ШҚ басшысы қызметін атқарды. Қазіргі таңда Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткер. Ардақты әке, сүйікті ата.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды

Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы енді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика