«Бұқпа» тауында қыстың жарқын әрі қызықты шараларының бірі « Шаңғы жолы шақырады» атты жаппай шаңғы жарысы өтті.
Жарысқа көздері оттай жанған, тұла бойлары энергияға толы оқушылардан бастап ересектерге, тіпті керемет көңіл-күйдегі әрі зор белсенділіктерін көрсеткен зейнет жасындағы адамдар да қатысты.
Бұл күн тамаша спорт мерекесіне айналып, тек жеңістер ғана емес, жерлестердің табиғаттан ләззат алып, байланыс маңыздылығын сезініп қатысу болды.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырушылары Бұқпа алаңын нағыз қысқы спорттық, мереке атмосферасына айналдырды. Жұртшылық жиналған жерде шырқалған әуендер қатысушылардың рухын одан бетер көтеріп, шаңғы трассасының бойында түрлі-түсті жалаулар ерекше салтанатты атмосфераны құрып, көрген көзді қуантып тұрды.
Қатысушылардың әр санаты үшін 500 метрден 5 шақырымға дейінгі қашықтық анықталды.
Төрешілер старт беріп, желдің алғашқы екпіні тәрізді жеңіске ұмтылған спортшылар алға басып, жарысты бастап кетті. Балалар жарысты бірінші болып бастап, ал соңдарынан әр қадам сайын қашықтықты ғана емес, өз күштеріне сеніп, өздеріне деген күмәндарын да жеңе білген үлкендеріміз де, олардың арттарынан зейнеткерлеріміз де керемет көңіл-күймен жарыстан еш қалыспай келе жатты. Қатысушылардың әрқайсысы денсаулық пен жаңа тәжірибеге қарай бұл қадамды жасай алғаны үшін ерекше мақтанышты сезінді.
Бұл күн тек жарыс күні ғана емес, шаңғымен сырғанағандардың барлығына үлкен спорттық сабақ десе де болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Көптеген адамдар үшін бірінші кезекте табиғатпен байланыс, белсенді және салауатты өмір салтына деген ұмтылыстар әлде қайда маңызды болмақ.
Аталмыш шаңғы жарысы кез-келген жаста физикалық дайындықты сақтаудың және жеке немесе командалық болсын, әр жеңіске қуанудың маңыздылығын тағы бір рет көрсетті. Бұл күн барлығына тек спорттық жеңіс қана емес, сонымен қатар табиғатпен шынайы қарым — қатынастың өзі керемет қуаныш пен денсаулыққа бір дем екенін еске салды.