spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 22, 2024
-8.9 C
Kokshetau

Балабақша, мектеп, колледждер: осы жыл немен есте қалады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұрпақ қалыптастыруда берген тапсырмасы абыроймен атқарылуда.

Президенттің бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында биыл 12 200 орындық 9 білім нысаны салыну жоспарланған, барлық заманауи талаптарға сай салынған оның 6-ы іске қосылды. Қалған үшеуі аяқталуға жақын. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығын шешуге ғана емес, сонымен қатар қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар биыл облыстық бюджеттен 1200 орындық мектеп ашылды.
Жыл басынан бері 1527 орындық 13 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 2 балабақша салынды, оның біреуі дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған өңірдегі алғашқы арнайы «Аяла» балабақшасы.
2024 жылы 28 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бүгінгі таңда облыста 1500 балаға арналған 84 кабинет жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2 кабинет ашылады.
Оқушылардың білім сапасы өте маңызды. Өткен оқу жылында жас ақмолалықтар республикалық олимпиадаларда 130-дан астам түрлі медаль жеңіп алды.
Біздің оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылыққа да белсенді қызығушылық танытады. Мәселен, ақмолалықтар Түркиядағы Халықаралық кезеңде ел намысын қорғап, жыл соңында Римдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген ұстаздарымыз да аз емес. Әлияш Ахетова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Өңіріміздің 3 мұғалімі республикада «Үздік педагог» атанды: Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Данагүл Ілияс, Таиндык Жоламанова және Көкшетаудағы «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жумадулла Абдулхаков.
Қазан айының басында Державинск қаласы мектебінің педагог-психологы Аслан Манатов Ереван қаласында өткен үшінші Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде үшінші орын иегері атанды.
Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Балалар мен жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың дене қабілеттерін дамыту мақсатын алға қойып Ж. Мусин ат. жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің командасы маусым айында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында 1-орынды иеленді.
Биылғы жылы жоғары техникалық колледжде электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету бойынша еліміздегі алғашқы тренинг – орталықтың ашылуы жобасы іске асырылды.
Және студенттерге арналған әрқайсысы 300 орындық 2 жатақхана ашылды.
«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында колледж студенттерінің Ақмола командасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.
Бұл биылғы жылғы жетістіктер. Жақын арада білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмыс жалғасады, біз жаңа шыңдарды бағындыруға дайынбыз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Күре жолдан бастап энергия көздерімен жабдықтауға дейін – Қазақстан инфрақұрылымы қалай жақсаруда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді тәсілі – маңызды бағыттардың бірі. Әр міндетке басымдық беру 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img