spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 6, 2026
19.2 C
Kokshetau

«Достар» мәдениет сарайының балалар ұжымдары жеткен жетістіктері

Сондай-ақ...оқыңыз

2024 жыл «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары үшін елеулі жетістіктер мен жарқын оқиғалардың сәті болды.

Өнерлі  балалардың бес   ұжымы — «Асыл мұра» халық би ансамблі, «Балақай» үлгілі вокалдық студиясы, «Импульс» заманауи би ансамблі, «Батыр қыз» степп тобы, «Інжу» би ансамблі халықаралық хореографиялық және ән байқауларынан лайықты наградалармен оралып, шеберліктің жоғары деңгейлерін көрсетті.

Тәжірибелі және талантты педагогтар – Дина Орманшина, Еңлік Жақыпова Найли Кадолко, Алена Закарьянова және Ирина Кириенконың жетекшілігімен балалар хореография мен вокалда керемет нәтижелерге қол жеткізіп, физикалық жағынан мықты ғана емес, рухани дамыған тұлғаларға айналуда.

Би және ән айту сабақтары жас өнерпаздарды өмірдің әртүрлі салаларына сенімді және сәтті бейімделе алатын үйлесімді тұлғаны қалыптастырады.

Мәдениет сарайында балалардың қатысуымен өткізілетін  әр концерт  көрермендердің зор қошеметіне бөленіп,  олардың сыңғырлаған дауыстары мен  мың бұралған билері жоғары бағаланып, тамашалаған қауым тәнті болып отырады.

Бұл іс-шаралар жас орындаушылардың жоғары дайындығы мен шығармашылық әлеуетін растай отырып, қаланың мәдени өмірінің жарқын оқиғаларына айналады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика