spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 5, 2024
-5.8 C
Kokshetau

АҚМОЛАНЫҢ АЙТАРЫ БАР!

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Ақмола облысын үлгі ретінде айтуға болады. Бұл аймақ елорданың «азық-түлік белдеуі» деген атқа лайық екенін дəлелдеді. Биыл облыстың ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімі екі есе өскен. Бұл – өте жақсы нәтиже.

(Астанада өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық бірінші форумында сөйлеген сөзінен. 15 қараша, 2024 жыл)

* * *

Бүгін (3 желтоқсан 2024 жыл) Астанада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ баспасз конференциясы болып өтті.
—————–
Сөз жоқ, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың өңірде атқарылған да, тындырылған да келелі істер жайлы кез-келген мінбеден ұялмай, қысылмай айта алатындай жағдайы бар деуге әбден болады. БЫЛАЙША АЙТҚАНДА АҚМОЛАНЫҢ АЙТАРЫ БАР!
Ақмола мен Көкшетау өңірлері үшін биылғы су тасқыны және оның зардаптарын жою, сонымен бірге көктемгі егісті уақытында өткізіп, күзде астықты ысырапсыз жинап алу үлкен сын болды!
Көктемнің қалың келге қарғын суының беті қатты болды. Содан да, алты өңірде, Көкшетау қаласы, Атбасар, Бұланды, Жарқайың, Есіл және Астрахан аудандарында төтенше жағдайлар жарияланды.

46 елді мекендердің тұрғын үйлерін су басты. Суға кетті деген 1267 тұрғын үйлер тексерілді, нәтижесінде 552 үй апатты және 715 үй жөндеуге жарамды деп танылды. 2823 адам құтқарылды, оның ішінде 29 мүгедек және 623 бала бар. 28 мың мал құтқарылды. Осы бір алапат су тасқыны кезінде мал-мүлкі суға кетіп, барар жерлері, басар таулары қалмай жылап-сықтаған халықты көз көрді.
Табиғат апатының салдарынан күйзеліске ұшыраған халыққа дәл сол сәтте Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың «зардап шеккен адамдардың бірде біреуі қамқорлықсыз қалмайды. Шығын толық өтеледі»,- деген осы бір ауыз сөзге жанға қуат берді, демеу болды, сенімді оятты.
Тасқын судан тіпті айналадағы бар тіршіліктен, жолдарын су басып, электр бағандары құлап, жолсыз, жарықсыз, байланыссыз қалған Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылына облыс әкімі 16 сәуір (2024) күні қайықпен де барғанын көз көрді. Осы ауылға азық-түлік, дәрі-дәрмек, түрлі өтемақылар мен зейнетақылар да осы қайықпен жеткізіліп тұрды.
Әкім Марат Ахметжанов судан барлық зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік төлемдер мен мүлік шығындары толықтай өтелуіне күн сайын көңіл бөліп отырды.
Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында 820-дан астам отбасыға мүлік шығыны өтеліп, 715 отбасыға үйлерін жөндеуге өтемақы төленгендігін, шамамен 2 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алғандығын, 221 отбасы үшін пәтерлер мен үйлер сатып алынғандығын, сондай-ақ, облыста 330 отбасы үшін жаңа үйлер салынғандығын мәлімдеді. Бұл үлкен еңбекпен келген Ерлікке тән іс!
Тіпті 100 күннің ішінде Есіл қаласында су жаңа 21 үйлер салынғандығын айтар едік. Үй болғанда қандай! Жеке-жеке үйлер, ауласы бар, есіктерінің алдары абаттандырылған, көшелері асфальтталған, жылуы да суы да үйперіне тартылған, санитарлық желілері де қарастырылған бүл үйлердің қаладағыдан бір кемдігі болсайшы!
Биылғы жылдың 29 наурызында «Тасқын судың да қайыры болар» деп қиналған елді сабырға шақырып едім, расында бәрі де қайырымен оралып жатыр!
Біздің аймақта көктем сайын бар өзен-көлдердің арнасынан шығып тұратыны да, кей жағдайда еріген қар суының да әлекке салып жаттатыны болып тұрады. Әйтеуір, елді мекендердің кәрі-жасы тайлы-тұяғымен қаптарға салынған құммен судың жолын бөген тасқынға осылай қарсы тұрып жататын.
Бұл амалсыздың шарасы екендігін әріден ойлаған облыс әкімі Марат Ахметжанов терең зерделей білді де, өте маңызды шараларды жүзеге асыра білді.
«Қазіргі сәтте облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы жасалып, 38 шақырым өзен арнасы тазартылды, су өткізу арнасының 34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгеу тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекенде су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер құрылды. Сонымен қатар, Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады», – деп мәлімдеді Марат Ахметжанов баспасөз конференциясы мінбесінен.
Жаздың басынан бері Жер снарядтарын сатып алынып, Атбасар ауданында Жабай және Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзендерінің арналары тазартылып, түптері тереңдетіліп қойылды.
• *
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 триллион теңгеден астам кіріс түседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық болады деп күтілуде деп мәлімдеді.
Ақмолалық диқандар 6,6 миллион тонна астық жинады. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық астық! Әр гектардың түсімі 14 центнерден асты.
Жоғары сапалы тұқым, минералды тыңайтқыштар қолдану екі есе артты. Биылдың өзінде 1 239 жаңа техника сатып алынды.
Ақмола өңірі елорда тұрғындарының сүт өнімінің 50, ет өнімінің 30, жұмыртқаның 80, картоптың 85 пайыздан астамын қамтып отыр.
Сөз жоқ, қазіргі уақытта қуатты ауылдар саны көбейіп келеді. Бұл да иауыл шаруасынағ ауыл адамына үлкен көңіл бөлудің арқасы. Биыл Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінін үлкен жиынын өткізді. Мұндай жиын да, қарапайым еңбек адамдарына деген мұндай құрмет те бұрын-соңды көрсетілмеп еді. Бұл шара Президентіміздің қарапайым еңбек адамдарына барынша құрмет көрсету керек деген тапсырмасының орындалғандығын көрсетеді.
Ақмола облысының экономикадағы өзге де табыстары мен жетістіктері ешбір қоспасыз, желбуаз көрсеткішсіз шынайы әрі таза табыс екендігін айтқан ләзім.
Өйткені облыс әкімі Марат Ахметжанов заң мен тәртіптің қатаң сақталуын Республика деңгейінде бақылап келген және де соны жергілікті жерде жүзеге іс жүзінде асырып отырғандығы бар.
Әкім Ахметжанов Президентіміздің Заң мен Тәртіп бәрінен де биік тұруы қажет деген қағидасын шынайы жүзеге асырып жатыр!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаланың ірі өнеркәсіп орындары бос жұмыс орындарын ұсынуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ Көкшетау қ, солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7-жол, 6-үй «ENKI» ЖШС және «ENKI...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img