spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

ҚУАН, ҚАЗАҚ ЕЛІ! АҚМОЛАЛЫҚ ДИҚАНДАРДЫҢ ЖИНАҒАН АСТЫҒЫ- 6 МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТЫ!

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Бұл- үлкен жеңіс!
Бұл- қажырлы еңбек пен маңдай тердің қайтарымы! Бұл- ел ырызды!
Талай сындарда шыңдалған, талай қиын жағдайларда көктемде тұқым сеуіп, күздің қара жаңбырында астық жинап, егіс даласындағы Астық үшін күресте жеңімпаз болып келе жатқан Ақмола облысының диқандары биыл да ерледі!
«Астық үшін күрес басталды!» деп орақтың алғашқы күндерінен бастап диқан қауымын, барлық облыс жұртшылығына егін орағының аса маңызды науқан екендігін үндеп, жұмылдыра білген Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ ұйымдастыруымен келген диқан қауымының алты миллиондық астығы құтты болсын! Ел ырыздығы молая берсін!
Сарыарқаның төскейіндегі 4,5 миллион гектар егістік алқабынан 6 миллион (АЛТЫ МИЛЛИОН) тонна астық жиналды.
Бұл 2011 жылдан бері тұңғыш қайталанып тұрған жетістік!
Астықты алқаптың егістігінің 96,1 пайызы орылды. Әлі егін орағы толық аяқталмағандығын ескерсек, бұл көрсеткіштің әлі де арта түсері сөзсіз.
Берекелі өнім бар! Әр гектардың түсімі 14 центнерден айналып жатыр!
Кей шаруашылықтарда гектар түсімі бұдан да жоғары. Мысалы Сандықтау ауданындағы «Максимовка», Зеренді ауданындағы «Диқан Плюс» және Бұланды ауданындағы «Журавлевка-1″ сереіктестерінің егіс алқаптарының әр гектарынан 60 центнерден астық жиналды!
Көптің тілегі қабыл болып, күздің соңғы апталарында жауын-шашын тоқтап, күн жылынып, орақты ойдағыдай өткізудің қолайлы жағдайы туды.
Ауа райының осы ашық сәтін тиімді пайдаланған ақмолалық диқандар шынында да ерледі!
Қазірдің өзінде орақты толық аяқтап шықққан шаруашылықтар бар!
Ақмола облысының егістік алқаптарында 8,9 мың орақ техникасы жұмыс істеді.
Бұлардың 4,8 мыңы осы заманғы өнімділігі жоғары комбайндар! Бұған қоса 2,6 мың жаткалар, 4,8 мың жүк автомобильдері бар.
«Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деген атам қазақтың даналығын ескеріп, егіс даласында күні-түні аянбай еңбек етіп жатқан диқан қауымына мың алғыс!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img