spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

АДАМЗАТТЫҢ АСТАНАДАҒЫ ҮНҚАТЫСУЫ

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев:
Қазіргі күрделі кезеңде дінбасылардың бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Олар кез-келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын бүкіл адамзатқа паш етуде. Меніңше, Съездің ең басты миссиясы да, ерекшілігі де – осы!
(Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөйлеген сөзінен, 14 қыркүйек, 2022 жыл.)
———-
Бүгін (8 қазан 2024 жыл) Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы болып өтті. Осы шараға қатыстым.
*
Бұл отырысқа әлемнің 19 елінен келген дін қызметкерлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, түрлі ұлттардың және конфессиялардың ынтымақтастығын көздей отырып, отырысқа қатысушылар қазіргі кездегі сын-қатерлерді бірлесіп еңсеру жөнінде пікір алмасты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде: «Бүгінде біз Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаулымыз. Осы орайда тараптарды бейбіт тұрғындардың құрбан болуынан және жағдайдың одан әрі ушығуынан сақтану үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Мұндай ахуал кедейлік, теңсіздік және климаттық дағдарыс сияқты сын-қатерлерді күшейте түсетіні белгілі. Осындай проблемаларды азайту және еңсеру үшін барлық конструктивті күштердің әлеуетін біріктірудің мәні зор. Бұл ретте рухани дипломатияның маңызы артып келе жатқанын атап өткен жөн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің мақаласында атап өткендей: «Қазіргі таңда әлемде саяси белгісіздік белең алған жағдайда мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты арттыру аса маңызды». Сондықтан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі сияқты диалог алаңдарын дамыту айрықша мәнге ие», – деп әлемнің алаңдап отырған қазіргі жағдайына орай өз сөзін айтты.
*
Әлқисса, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Қазақстанның ынта білдіруімен және басшылығымен 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын Елордамызда тұрақты өткізіліп келе жатыр.
Бұл Адамзаттың жаңа мыңжылдығының конфессияаралық диалог пен кеңесіп, кездесулер жүйесін құруға жол ашқан XXI-ші ғасырдың ұлы оқиғасы еді!
Иә, сонау 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1-ші сьезінен бергі уақыт кезеңінен бері дүние тынысы алқынып, жүрек соғысы да жиілеп, адам баласының Жаратқан берген тіршілік үшін күресінің жан таласы күшеймесе, бәсеңсімеген сыңайлы. Бұған бүгінгі әлем куә!
Көне тарих бұрын соңды естіп те, көріп те білмеген әлемдік маңызы бар түрлі діндер лидерлерінің форумының Ұлы Дала төсіндегі қазақ жерінде жинаулы, бұл енді жалпы Адамзат баласының өзара түсінушілік және бірін-бірі құрметтеу, бірінің уәжін бірі төзімділікпен тыңдай білуі арқылы бейбіт қатар өмір сүру үшін бір қадам болса да ілгері басқандығы еді.
Сол қазақ жерінде барлық діндер мен конфессия өкілдерінің қатысуымен Елордамызда 2003 жылдан бері, санамалап айтар болсақ, 2006 жылдың 12-14 қыркүйегінде « Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбымен өткен екінші, 2009 жылдың 1-3 шілде аралығында «Төзімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген бейбітшілікті құрудағы дін лидерлерінің рөлі» тақырыбымен өткен үшінші, 2012 жылдың 30-31 мамыр аралығында «Адамзат таңдауы — бейбітшілік және келісім» тақырыбымен өткен төртінші, 2015 жылдың 10-11 маусымында «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» тақырыбында . өткен бесінші, 2018 жылдың 10-11 қазан аралығында «Дін лидерлері қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен өткен алтыншы cьездер ежелден бейбт те тыныш, тату да тәтті өмір сүруді аңсап та, көксеп те келе жатқан Адамзаттың ұлы мұраттарын жүзеге асырудың Құдайы іс болып тарих беттерін алтын әріптермен жазылғаны да анық!
2021 жылдың 14 -15 қыркүйегінде «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі!» тақырыбымен XVII cьезі болып өткен-ді.
*
Енді… 2025 жылдың қыркүйек айының 17-18 аралығында «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өтетін болды.
Тағы да қазақ жері, тағы да қазақтың Елордасы!
Алайда заман басқа… әлем басқа!
Сонымен бірге Қазақ елінің бүгінгі ұстанымы да басқа!
Ол ұстаным-Адалдық пен Әділдік!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img