spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Бурабай курортының табиғи және мәдени көрікті жерлері халықаралық баспасөздердің назарында

Сондай-ақ...оқыңыз

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ақпараттық қолдау көрсетуге келген шетелдік БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін Ақмола облысының туризм басқармасы көркем Бурабай курорттық аймағына ақпараттық тур ұйымдастырды. Делегация құрамында 40-қа жуық елдің өкілдері, оның ішінде CBC TV, Rai News 24, Doha News, Vesti.kg ақпарат агенттігі сияқты ірі халықаралық БАҚ журналистері, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал блогерлер болды. Бұл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына және аймаққа халықаралық қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
Тур аясында шетелдік қонақтар аймақтың бірегей табиғаты мен бай тарихымен таныса алды. Бағдарламаның бірінші нүктесі – БАҚ өкілдері мен блогерлер қызметтің жоғары деңгейін және табиғи сұлулықпен үйлесетін жайлылықты бағалаған Rixos Borovoe сәнді қонақ үйіне бару болды. Бағдарлама тарихи маңызы жоғары Абылай хан алаңы бойынша қызықты экскурсияны, сондай-ақ Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берген мультимедиялық интерактивті кешенге баруды қамтыды.
Сонымен қатар, делегация Бурабай көлінің жағасында паромға мініп, мөлдір суы мен айналадағы пейзаждарды тамашалады. Қонақтар сонымен қатар керемет панорамалық көрініс беретін Бөлектеу тауына көтерілді. Бұл ақпараттық тур аймақтың табиғи ресурстарын көрсетіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қоса отырып, оның туристік әлеуетінің жоғарлауына ықпал етеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img