«Достар» МС-нда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды.
Қатысушыларды кәсіби мерекемен Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса құттықтап, өз сөзінде мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік міндеттерін кәсіби түрде орындауы, жұмыста адал, жауапты болуы, заңдылықты қатаң сақтауы тиіс екенін атап өтті.
Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің, қала әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жақында ғана мемлекеттік қызметкерлер арасында «Отан» облыстық спартакиадасы аяқталды. Спорттың жекелеген түрлерінде Көкшетау мемлекеттік қызметшілері бірінші орын алып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Осындай салтанатты күні қала әкімі жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және грамоталар табыс етті.
Аталмыш іс-шара қаланың шығармашылық ұжымдарының орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасты.