spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 27, 2026
6.9 C
Kokshetau

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, жазушы-драматург  Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевті Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындады.

Өткен сәрсенбі күні аймақ басшысы Жабал Ерғалиұлына кеңесші куәлігін тапсырып, жұмысына табыс тіледі. Мұның алдында ғана жазушы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық  құрылтайда сөйлеген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық сөзін қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында Астана қаласында өткен «Әділетті Қазақстанның тірегі – адал азаматтар» атты республикалық форумда мазмұнды сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасының алтын жұлдызы» төсбелгісімен марапатталған болатын.

Осыған орай, «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы өз басшыларын осы марапатымен және жоғарыдағыдай үлкен сенімнің көрсетілуімен шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестігін білідіреді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика