spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Жолшылар Көкшетау қаласының мектеп түлектерімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру дәрісін өткізді. Кездесуге «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының филаалы, Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, «Қазақстан Темір жолы» ұлтық компаниясының филиалы, «КАЖсервис» серіктестігінің және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Оқушылармен кездескен спикерлердің сөзінше, қазіргі таңда жол-құрылыс және көлік салаларына көптеген мамандар қажет және осы жерде орын алған кадр тапшылғы елдің инфрақұрылымдық дамуына, орындалатын жұмыстардың, жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер етеді. Сондықтан жол саласына жас және білікті мамандар дайындығына көп көңіл көңіл бөлінуде. ҚР Көлік министрлігінің ұсынысымен биыл жоғары оқу орындарында «көлік құрылысы» мамандығы бойынша мыңға жуық білім гранты бөлінетін болды. Жалпы бүгінде жол саласында маман тапшы. Министрлік мәліметіне сүйенсек, жол-көлік құрылысыбойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық маман қажеттілігі бар. Демек, жолшы мамандығын таңдаған жас түлектерге оқуын бітірген соң екі қолына бір күрек табылады деген сөз.

Кездесу барасында Игорь Стефан оқушыларға жол-құрылыс саласының дамуы, кадр тапшылығы, жолшы мамандығының маңыздылығы мен артықшылықтары туралы айтып берді. Онымен қоса ол қандай оқу орындарында жолшы мамандығын алуға болатынын, жалақы биіктігі, болашақ жұмыс орындары туралы айтып берді.

«Жол-құрылыс саласы әрқашанда сұранысқа ие. Жалпы, қазір бұл салаға көзқарас өзгеріп жатыр. Бұл жолдардың құрылысы мен жөндеу инфрақұрылымдық дамуда маңызды орынға алып келеді. Мемлекет тарапынан біраз жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп жатыр. Мысалы, жыл сайын құрылыс бағытындағы мамандықтарға грант бөлінеді. Біздің ұйымда студенттерге арнайы ақылы практика қарастырылған.», – деп атап өтті Талғат Қайратхан.

Филиалда кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарының маңыздылығың атап өтті. Бұндай іс-шаралар оқушыларға дұрыс таңдау жасап, өмірде өз орның табуға үлес қосады. Кәсіби бағдарлау жұмыстары әрі қарай жалғаспақ. Осы жылы жолшылар Ақмола облысының барлық 17 ауданы мен 3 қаласында оқу орындарында «2000 мектеп» аясында іс-шаралары жиі өтіп тұрады. Сонымен қатар, жолшылар оқушыларға филиал қабырғасында арнайы «ашық есік» күндерін мен экскурсияларды ұйымдастыруға ниетті.

Қазақстанда «Көлік құрылысы» мамандарын даярлайтын 8 жоғары оқу орны бар. Бүгінде осы мамандықты таңдауға ниет білдірген жастар қажет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img