spot_img
Дүйсенбі, Маусым 17, 2024
23.2 C
Kokshetau

Ақмолалық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

2024 жылдың 24 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма» Бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова Көкшетау қаласындағы 60 жылдық тарихы бар Абай атындағы атындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернатына барып, үздік ұстаздарға Алғыс хат пен құрмет грамотасын табыстады.

«Оқу жылында көптеген сайыстарға қатысып жүрдім. Бұл мен үшін үлкен жетістік, сол үшін ата-анам, сынып жетекшім Айдана Асқарқызы және пән бойынша жетекшім Арайлым Айдарбековнаға алғыс айтамын. Осы кісілердің арқасында мен өзімнің оданда үлкен жетістіктерге жететініме сенімдімін. Сонымен қатар бұл менің отаныма ғылымды насихаттаудағы алғашқы қадамым болып табылады. Мемлекет басшысы оқушылардың сапалы білім алуына көп назар аударуда. Алып жатқан білімім ертең отаныма үлкен болашақ болса екен деп тілеймін. Арманым болашақта медицина саласын түрлі ғылыми жобалармен қамту және елімізді биология саласы бойынша топ-3 елдің қатарына енгізу» – деді аталмыш оқу орнының 8 б сынып оқушысы Бегзан Зерде.
Осы білім ошағы 1963 жылы Көкшетау облыстық қазақ мектеп -интернаты болып ашылған. Бұл мектепте негізінен облыстың әр түкпірінен ауыл аймақтың балалары келіп білім алады. 60 жыл ішінде мектеп-интернатты 5 мыңға жуық түлек аяқтап шыққан. Оның ішінде көптеген танымал азаматтар бар.

2020-ші жылы білім ордасына ағартушы, ұлы ұстаз Абай есімі берілді. Соңғы 3 жылда мектептің 181 дарыны облыстық, 47 шәкірті республикалық байқауларында жеңімпаз атанды.

«Ел игілігі мен мүддесі жолында білімді көшбасшылар тәрбиелеуге сіңірген еңбектері үшін Ақмола облысының әкімдігі Абай атындағы дарынды балаларған арналған мамандандырылған мектеп-интернатына мектеп жатақханасын күрделі жөндеуге 546 миллион теңге қаражат бөлді. Облыс әкімі Марат Мұратұлы дарынды балаларға мектептерге аса назар аударып, ұстаздар мен түлектерді осылай қолдап отыр» – деді облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.

Айта кетейік, биылғы оқу жылын 138 268 оқушы, оның ішінде 9-сынып 12693 түлек және 11-сынып 4967 түлектері аяқтайды. 11 сыныптың 242 түлегі – «Алтын белгі» төсбелгісін алуға және 365 түлек үздік аттестатқа үміткерлер.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақ халатты абзал жандар мерейі

Ең қастерлі мамандық иесі – медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img