Жазушы, драматург, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан:
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жарқайың ауданындағы қызыл судың жолында қалған Үшқарасу ауылында қалыптасқан жағдайды өзі жіті бақылап отыр.
Есіл өзені тасып, ауылға тартылған электр желісінің бағаналары құлап, ауылға баратын жолды да су шайып кеткені болды. Алайда ауыл халқы азық-түліктен, ауыз судан, дәрі-дәрмектен зәрушілік көрген емес!
Бүгін осы Үшқарасу ауылына тағы да қайық келді. Сол қайықпен аузы су, азық-тұлік, есепте тұрған түрлі сырқаттарға, балаларға қажетті дәрі- дәрмек, тіпті зейнеткерлердің зейнетақылары да осы қайықпен жеткізілді. Қайықшы құтқарушылар ертең де келеміз деп кетті.
Жалпы бұл ауыл жалғыз биыл ғана су жолында қалып отырған жоқ. Қар қалың түскен жылдары су жолында қалып қоятыны бар. Биыл да солай болды. Қардың қалың түскендігінен Үшқарасудың іргесінен өтетін Есіл арнасынан шығып, ауылға қатынайтын жолдың бір бөлігін алып кетті. Электр желілері де құлады. Осы себепті ауылға жол қатынасы болмай қалды. Қауіпсіздік үшін электр қуатын ағытып тастауға тура келді.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов судың беті қайтсымен бірден жолды және құлаған электр бағаналарын қалпына келтірудң тапсырды және осы мәселені күн сайын өз бақылауына алды.
Қазір судың беті қайта бастады. Жағдай қалыпқа келер күн де алыс емес,
Үшқарасу ауылының тұрғындары азық-түліксіз, ауыз сусыз қалып отыр деген ақпарат та тарап кетті.
Ауыл әкімі Арыстанбековтің айтуынша бірде-бір ауыл тұрғыны осы күнге шейін «нанымыз жоқ, суымыз жоқ» деп шағым айтпағандығын алға тартады. Бұл әңгімен қоздырып жүргендер Үшқарасуда сауда дүкеншелерінің иелері екен. Олар жолдың уақытща жоқтығынан өздерінің сауда орындарының сөрелері азық-тұліктен бос қалған соң, ауыл халқының дастарханы да бос қалғандай сезінгендері анық.
Алайда ауылдың аты ауыл емес пе?! Әр үйдің қорындағы жан азығы мен қорасындағы мал азығы әзірге түгесілген емес.
Үшқарасуға керек дейтін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек алып қайық келді. Ол қайық жағдай қалыпқа келгенше қатынап тұратын болады. Бұрын-соңды болмаған қызыл су жүргелі қарап жатқан жан баласы қалған жоқ десе де болғандай!
Табиғаттың осы бір сынға салған сәтінде ел болып, зардап шеккендерге Ақмола облысы бойынша қолдау да, көмек те көрсетіліп жатыр.Шыққан шығындар өтеле бастады.
Қараөткел мен Көкшетаудың өзен-көлдері арналарына келе бастағандай. Халықтың сенімі де, көңіл-күйлері де сабырдың арнасында!