spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Астраханда 160 адам эвакуацияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астрахан ауданындағы су тасқыны бойынша жағдай қиын. Мұнда соңғы үш күнде Колутон өзені арнасынан асып, судың деңгейі  7 метрге дейін көтерілген. Салдарынан су бірнеше шақырымға жетіп,  ауылға баратын жолды шайып кеткен. Ауылға тек қайықпен ғана жетуге болады.

Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтің айтуынша, Колутон ауылының екі көшесін қызыл су басып, 160 адам эвакуацияланған. Қазір су құрсауынан құтқарылған тұрғындар аудан аумағында агротехникалық колледжінің жатақханасына орналастырылған.

Ескі Колутон ауылынан бөлек, Жаңа Тұрмыс, Ягодный, Зеленый, Астраханка ауылдары мен Колутон стансасына да қарғын су жеткен. . Ауданда тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

–Бүгінгі таңда су деңгейі 20 см төмендеді. Ескі Колутон ауылы Колутон, Аршалы, Борсақ өзендерінің түйісетін тұста орналасқан. Су  үш жақтан келетіндіктен, жыл сайын бұл ауылға су басу қаупі төнеді, – дейді аудан басшысы.

Жергішікті тұрғындардың алдын алу шараларының арқасында төрт түлік малға қауіп төнбеген. Олар малдарын су жетпейтін биік жерлерге жеткізген. Қарғын сумен ауыл тұрғындары мен волонтерлерді қоса алғанда, 100-ден астам адам күресуде. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларына 15 полиция қызметкері жұмылдырылыпты.

Электр баратын бағандар құлағандықтан, кейбір ауылдарда ауыз су мәселесі туындауда. «Оны да шешуге жоспарларымыз бар» дейді жергілікті атқарушы органдарының өкілдері.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img