spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
19.2 C
Kokshetau

Есіл қаласында жас кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп, сұранысты қамтамасыз етуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл қаласында жас кәсіпкер Ильшат Ғубайдуллин шағын және орта бизнес бағдарламасымен өз ісінде жетістіктерге қол жеткізіп келеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ильшат №3 орта мектепті бітіріп, Қарағанды технологиялық колледжіне оқуға түскен. Технолог-менеджер мамандығын алған ол Астана қаласындағы дәмханалар мен мейрамханаларда 5 жыл бойы жұмыс істеген.

Ол еліміздің бас қаласында, келім-кетімі көп үлкен мегаполисте кәсіби тәжірибе жинақтап, өзі өскен шағын қалаға шебер маман болып оралуды көздеген.
Есілге келген соң да оқуын жалғастырды.

Ильшат «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының жергілікті филиалында «Бастау» бағдарламасы бойынша курсты бітіріп, 2,4 миллион теңге мемлекеттік грант қаражатына ие болды. Көп ұзамай қала орталығынан қолайлы ғимаратты жалға алып, онда аспаздық пен кулинарлық кәсіпті қатар жүргізді.
Жаңашыл жас кәсіпкер дәстүрлі ас мәзіріне гамбургер, пицца, ыстық және суық коктейльдерді, тіпті арнайы рецеппен дайындалатын түрік айранын да қосты.

– Тағамның бүкіл түрі экологиялық таза өнімдерден дайындалады. Мен Есіл, Атбасар, көршілес Қостанай облысының шаруашылықтарымен келісім шарт жасасқанмын. Қала тұрғындары мен қонақтардың ілтипатына бөленудеміз. Бүгінгі күні жастар, тіпті үлкен кісілер де тұрақты келіп тұрады. Бұл орайда оларды төмен баға, жайлы музыка ғана емес, көмекшім екеуміздің қалтқысыз қызметіміз тартып тұрады деп ойлаймын. Алдағы уақытта дәмханамызды кеңітсек деген ниеттеміз.,–дейді  «Смак» дәмханасының қожасы Ильшат Ғубайдуллин. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет!» деп аталатын ТEDx...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img