spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетау маңында 2 бірдей көпірдің құрылысы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау Қазақстан мен Ресейдің 18-ші аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық үстінде. Қалада ауқымды құрылыс жұмытары басталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жүріп жатқан құрылыстардың бірі – Н.Назарбаев даңғылы бойымен және өзеннің Қопа көліне барып құяр сағасынан, Қылшақты өзені үстінен салынып жатқан қос көпір.

196 жылдық тарихы бар шағын шаһар бұған дейін қос көпірді қатар салып көрмеген. Арасы екі жүз қадамдай жерден қызық бір құрылыс жүріп жатыр.  Ауыр техникалар, ұзын мойын крандар мен экскаваторлар тынымсыз жұмыс істеуде.

Жұмыс осы қарқынмен толассыз жүретін болса, діттеген уақытта көпір құрылысы аяқталмақ.

Қос көпірдің құрылысын  облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қатаң бақылауға алған.

Тағы бір ерек оқиға – көпір салу үшін оның маңайы кеңейтіліп жатыр. Өйткені, көпір ені бұрынғыдан әлдеқайда енді, үлкен.

Өсіп тұрған ағашты қиратып, жұлып тастау, әрине, жөнсіз. Онсызда жыл сайын егілетін ағаштың талай пайызы өспей, қурап қалып жатқан жоқ па? Міне,сол себепті біз құрылысшылар оны да ойлап, жолын таптық. Ағаштар түп-тамырымен мұқият қазылып алынып, жақын жердегі Ауған соғысында қаза тапқандар үшін ашылған скверге отырғызылды,-дейді жұмысшылар.

.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img