spot_img
Бейсенбі, Шілде 31, 2025
15.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды !

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және Целиноград, Бурабай аудандарында халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту басталды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы  − «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған тұрғындар, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады. Сондай-ақ борышкерлерге тегін заң көмегін көрсету жоспарланған. Бүгін Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және Целиноград, Бурабай аудандарында басталған оқытуға 171 азамат келді. Жалпы, 2024 жыл бойы Ақмола облысында 8200 адамды оқыту жоспарланған. Оқыту жыл бойы облыстың барлық аудандары мен қалаларында бірнеше кезеңмен өтеді. Оқуға тіркелу аудандық,қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде жүргізіледі.

Оқу курсы барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырып қана қоймай, алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары да айтылады.

Былтыр еліміздің 8 өңірінде «Қарызсыз қоғам» пилоттық жоба ретінде өз жұмысын бастады. Сәйкесінше ол өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Өткен жылы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, жоба игілігін бүкіл еліміз көруі үшін оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Биылдан бастап 17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын жобада 150 мыңдай адамды оқыту көзделген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика