spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

2024 жылғы 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. 10 жылға созылған соғыс 15 мыңнан астам кеңес сарбаздарының өмірін қиды. Ауған соғысына 22 296 Қазақстандық қатысты. Оның 928-і қайтыс болды, 19-ы хабар-ошарсыз кетті.

Осы орайда «Достар» МС-да интернационалист-жауынгерлермен кездесу өтті.

Кіші залда мемлекеттік органдар, студенттер мен жас өспірім оқушылар, 1979 жылы 20-25 жас аралығындағы болған «ауған жауынгерлері», албүгінде олар елуге келген соғыс ардагерлері. Олар біздің жанымызда тұрады және жұмыс істейді, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеумен айналысады.

Осы іс-шара ұйымдастырушылары  «Ауған соғысы-тарихтың бір парағы» атты кітап көрмесін ашты. Іс-шара қатысушыларына Ауғанстандағы соғыс оқиғаларының хроникасы көрсетілді, олар біздің сарбаздарымыздың өз міндеттерін батыл және кәсіби түрде орындағанын, жауынгерлік жағдайда табандылық, тектілік танытып, әскери ант пен борышқа адалдық сақтағандарын еске салды.

Ауғанстандағы  қызметке Ақмолалық әскери шақырылушылардың саны 1113, оның 61-і соғыстан оралмағаны айтылды.  Қазіргі уақытта Көкшетауда 171 ауған жауынгері тұрады.  

Ауғанстандағы  «халықаралық борышын» атқарған жерлестерімізге, қонақтарға ерекше көңіл бөлінді.Сөз сөйлегендер Ақмола облысы бойынша«Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай, Ауған соғысы ардагерлері қалалық бірлестігінің төрағасы Болат Шәріпов, Қанат Бралин және тағы басқалары соғыс туралы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу жылы, еркін өтті, жастардың қызығушылығын тудырды.

Іс-шара барысында Көкшетау Ш. Уәлиханов университетінің көпсалалы колледжі студенттері және «Достар» мәдениет сарайының солистері  мен интернационалист-жауынгерлер шығармашылық ұжымдарының орындауында соғыс туралы өлеңдероқылып, әндер айтылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img