spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Мемлекеттік тілге деген қа­жеттілік пен сұраныс болуы тиіс», – Жанел Заит

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының сотында істер мемлекеттік тілде өткізіледі, жыл сйын мемлекеттіл тілге деген сұраныс артып келеді, бұл туралы «AQMOLA NEWS» тілшісіне толығырақ  Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотының бас маман сот-мәжілісінің хатшысы Жанел Жанболатқызы айтып берді.

– Мемлекеттік тіл – менің тілім! Қазақ тілі өте бай, құнарлы тіл. Соны сақтау, қастерлеу өзімізге сын.Қазір мемлекеттік тілдің жағдайы жақсара бастағанын, мемлекеттік тілге құрмет ар­тып, тіпті, еліміздегі өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үй­ре­нуге ден қоюда. Бұл арада бастысы халықтың өзінде қа­жеттілік, сұраныс болуы тиіс, – деп бастады әңгімесін Жанел.

 

Оның пікіпінше, мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі орны мен қолданылуы туралы аз айтылып та, аз жа­зылып та жатқан жоқ. Алайда, еліміздегі тілдік идеология, тілдік саясат орыс тіліне, орыс тілділердің сұранысын қанағаттандыруға ғана басымдық беруде. Солардың көңілін аулап, бабын тапсақ, елде сыйластық пен келісім орнайды деген қағида үстем болып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты қазақстандық қоғам бүгінгі күні тілдік принцип бойынша қа­зақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінуде. Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайықты болмауының бір себебі – қазақ хал­қы тұрғындардың 70 пайызына жуығын құраса да, қазақ тілінде «ана тілі» ретінде сөйлейтін қазақтардың санының төмен болып қала беруінде. Сондықтан бүгінгі күні тіл саясатын асқан көрегендікпен жүргізу – мемлекетіміздің қалыптасуын және оның қауіпсіздігін жүйелі түрде жүргізудің басты шарты, – деген сенімде спикер.

     – Тіл саясатын жүргізу дегеніміз – мемлекетке атау берген, сол елдің көпшілігін құрайтын ұлттың мүддесін қорғау, саны басым ұлтпен санасу. Мемлекеттегі ресми шаралар, ұлтаралық және қоғамдық қарым-қатынастың барлық аясындағы кездесулер тек қана  мемлекеттік тілде кедергісіз өткізілуі тиісті. Мемлекеттік тілдің ресми функциясы сол тілдің өзінде болуы тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі де тек мемлекеттік тіл болғаны жөн. Сонда ғана «Тіл туралы» заңда көрсетілген «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы» болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерудің сұранысына, мемлекеттік тілді білу қажеттілігіне, тілдік орта қалыптастырудың алғы шарттарына қол жеткізетін боламыз, – дейді Жанел Заит.

Мемлекеттік тіл – ерекше рухани құндылық. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік  кодексінің 30-бабына, Азаматтық процестік  кодексінің 14-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында қылмыстық және азаматтық сот ici мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Атап айтсақ, Ақмола облысында өткен жылы мемлекеттік тілде  6  қылмыстық іс, 2024 жыл 1  қылмыстық іс қаралды.

– Қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттік тiлмен қатар орыс тiлі және басқа тiлдер қолданылады» делінген. Қазір елімізде демографиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлттың саны 70 пайызға көтерілгенін, мемлекеттік тілдің қолдану аясы күннен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айнала бастағаны иісі қазақ ағайындардың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз, – деп сөз тарқатты Жанел.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img