spot_img
Жексенбі, Тамыз 3, 2025
19.2 C
Kokshetau

Әйелін ұрған Сандықтау ауданының тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, құқық бұзушылардың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі күшейтілді.

ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2, 461, 669-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаның мерзімі ұлғайтылды.

Сандықтау аудандық соты жұбайының денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін «П.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады (ӘҚБтК 73-1-бабының 1-1-бөлігі).

Азамат «П.» мас күйінде, жұбайымен жанжал кезінде оның бетіне және басына жұдырықпен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді.

Сот қаулысымен «П.»-ға, оның мінез-құлқына 3 айға ерекше талаптар белгіленіп, 15 тәулікке қамаққа алу тағайындалды.

Сот, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, осындай құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтарды қатыстырып, жария сот отырысын өткізді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика