spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
28.2 C
Kokshetau

Красный Ярда Көкен Шәкеевтің 100 жылдығы аталып өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

 «Өз дәуірінің перзенті»

Биыл Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан ақын-жыршылар одағының президенті, соғыс ардагері Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл толады.

Ақын 13 жасынан бастап қолына домбыра алып, өлең шығара бастаған. Облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, ол шебер импровизатор ретінде танымал болды, «Көкшетаудың ұлымын», «Көкшем менің» атты өлеңдер жинақтарын шығарды.

Ақынның мерейтойына орай Красный Яр ауылының қалалық үлгілі кітапханасында «Өз дәуірінің перзенті» атты еске алу кеші өтті. Оған жыр сүйер қауым, қала жұртшылығы, оқушы жастар қатысты.

Ол туралы Көкшетау  қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, ақын, шәкірті Құдайберлі Мырзабек, педагог-журналист Бақыт Тасова, ұрпақтары, замандастары өз естеліктерімен бөлісті.

Олар ақынның өмір жолы, шығармашылық қызметі туралы айтып, оның жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерін атап өтті. Көкен Шәкеев жас ақындарды тәрбиелеуге, осы өңірде айтыс өнерін дамытуға  көп көңіл бөлді, лайықты ізбасарларын өсірді. Олардың ішінде ақындар – Тыныштық Шаменов, Иран Тасқара, Жұмабай Есекеев, Кұдайберли Мырзабек сияқты елге танымал өнерпаздар бар. 

Өз сөзінде Кұдайберли Мырзабек биыл ақын-жыршылар одағының бастамасымен облыс орталығында халық ақынының мерейтойына арналған халықаралық айтыс өтетінін  айтты.

Кеште шығармашылық жастардың, көркемөнер ұжымдарының орындауында  арнаулар, ән-күйлер тыңдалды.

Шара соңында Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасатынын атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика