spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақсай ауылында жаңа су құбыры іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданының Ақсай ауылында су құбырының тораптарын реконструкциялаудан өткізгеннен кейін ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа су құбыры іске қосылды.

Ақсай ауылының әкімі Серік Әлжановтың айтуынша, 1976 жылы салынған қолданыстағы су құбырында, магистральдық су құбырында да, ауылішілік желілерде де жарылыстар жиі орын алатын.

Жұмыс барысында құрылысшылар төрт ұңғыма бұрғылады, оның екеуі белсенді, екеуі резервтік. Ұзындығы 16 шақырым болатын магистральдық құбырлар тартылып, екінші көтергіш сорғы станциясының ғимараты, әрқайсысының сыйымдылығы 150 текше метрлік екі РЖҚ резервуары және электр желісі тартылды. Жобаға сондай-ақ артезиан ұңғымаларының екі учаскесі, су қоймалары, сыйымдылығы 50 текше метр су мұнарасы бар екінші көтергіш сорғы станциясының блок-модуль кешені кіреді. Объект екі деңгейлі қоршаумен және периметрі бойынша жарықтандырумен қамтамасыз етілген.

Жергілікті тұрғындар барлық жұмысты тиімді атқарған жұмыскерлерге алғыстарын білдіруде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img