spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ұлттық ұланның құрылған күніне арналған біріншілік

Сондай-ақ...оқыңыз

Жуырда Ақмола облысының Полиция департаментінің спорттық кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған күніне арналған 5510 әскери бөлімінің біріншілігіне волейболдан жарыс өтті.

Тарихқа көз салсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы осыдан 32  жыл бұрын құрылған болатын. Мемлекеттің ішкі тыныштығы мен азаматтардың қоғамдық қауіпсізігін қорғайтын әскерилер күні содан бері жыл сайын 10-қаңтарда  аталып өтілуде.

Осы ретте ұйымдастырылған сайысқа бөліністерден 8 құрама команда қатысты.

Жарыстың ашылуына бөлім командирі полковник Манат Наукеев қатысып, қатысушылар ойынына сәттілік тіледі. Барлық қатысушылар жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Тартысты сайыстың нәтижесінде 3 орынды  жедел мақсаттағы 2 батальон құрама командасы иеленсе, 2 орынға  жедел мақсаттағы 1 батальонының жауынгерлік қамтамасыз ету роталарының  құрама командасы қол жеткізді. Ал, жарыс жеңімпаздары болып 1 жеке атқыштар ротасының құрама командасы атанды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img