Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов Көкшетау қаласындағы облыстық маңызы бар білім беру ұйымдарына барды.
Алғашқы келу нысаны Көкшетау қаласының № 1 арнайы мектеп-интернаты болды, онда қазір 300-ден астам оқушы білім алуда. Қонақтар мектептің асхана мен кабинеттерімен танысты. Әсіресе шеберханалар мен спортзалдардың жабдықталғаны ұнады. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың тамыз айында мектеп «Қазақстан халқына» бағдарламасы бойынша жаңартылды.
Көкшетау қаласындағы № 1 арнайы мектеп-интернатқа барған кезде мекеме басшысы Ольга Бурдинская қонақтың назарын мектепке қосымша ғимарат туралы мәселесіне аударды.
Әрі қарай Талғат Жүнісов Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа келді.
Мұнда мектеп бойынша экскурсия өткізілді: делегация абайтану, робототехника, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері мен ресурстық орталыққа барды. Сондай-ақ Талғат Тұрлыбекұлы спортзалды аралап, интернаттың үшінші қабатына көтерілді, онда жақын арада күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Кездесу соңында қонақтар асхананың жабдықталуымен танысып шықты.
Қазақ мектеп-интернаты – бұл терең тарихы бар оқу орны, оның түлектері облыстың, республиканың белгілі қайраткерлері болып табылады. Қазір онда 200-ден астам оқушы бар, олардың көпшілігі облыстық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары болып табылады.
Сондай-ақ, сенатор №4 арнайы мектеп-интернаттың оқу-материалдық базасымен және мектепке қосымша корпус салу бойынша жұмыстардың барысымен танысты.