spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 1, 2026
9.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері жаңа жылдық шыршаларды сатудың заңдылығын тексеруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау, өткізу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Ақмола облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау және әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері, атқарушы органдар мен полицейлер қатарынан арнайы мобильдік топтар қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, оларды бөлшек саудада, базарларда заңсыз сату және т.б. фактілердің жолын кесу бойынша 123 рейд жүргізді.
Жедел алдын алу іс шарасын өткізу барысында белгіленбеген жерлерде қылқан жапырақты ағаштарды сатудың 3 фактісі және жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 1 фактісі анықталды.
Сатушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 204-бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттамалар жасалды.
«Шырша» ЖАІШ жаңа жыл қарсаңында өтеді және ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика