spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ол қазақ әдебиеті мен тілдің дамуына үлкен ықпал жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақ халқының данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың өскелең ұрпаққа қалдырған мұрасы зор. Оның қазақ әдебиеті мен тілдің дамуына үлкен ықпал жасады. Данышпан ақынның шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы басқа елдерге таралған.

«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде түсіндірген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады.

Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында 3 аудан, 20 ауыл, 1 578 көше, 1 ЖОО, 88 мектеп, 3 балабақша, 14 мәдениет үйі, 2 театр, 2 музей бар. Абай қоры жұмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің бас кітабы – «Абай жолы» ұлы ақынға арналған.

Дәстүрге айналған «Абай оқулары» республикалық байқаулар жыл сайын жүргізілуде.
2020 жыл – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Осыған арнап ел арасында ұстаздар, журналистер, ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері Абай шығармаларын нақышына келтіріп орындау кеңінен тарады. Бірі өлеңін оқыса, бірі қара сөздерін талдап, өнер ұжымдары Абайдың әндерін шырқап, #Абай175 челленджі эстафетаны жалғастыруда. Осы челленжді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолдап Димаш Құдайберген, Сәкен Майғазиев, Роза Рымбаева сияқты көптеген Қазақстанның мәдени қайраткерлері дана ақынның өлеңдерін шырқады. Аталмыш челленж Ақмола облысында да жалғасын тапты, оған қоғам зияткерлерімен бірге Біржан Сал ауданының әкімі – Ермек Нұғыманов да қосылды.

Күлшат Дарбаева,
Көкшетау қаласының тұрғыны

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img