spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
1.2 C
Kokshetau

Ұландық жауынгерлер үйінді астында қалған қостанайлықтарға көмектесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қостанай қаласының іргесіндегі Амангелді елді мекеннің (Краснопартизан) Энергетиктер көшесінде орналасқан «КамАз орталығы» жалға алып отырған жүк көліктері бекетінде газ жарылды. Салдарынан бір қабатты ғимарат опырылып, бірнеше адам қирандылар астында қалған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Жарылыстан тұтанған өртті сөндіру және үйінді астында қалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше жағдай қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Жарылыс салдарымен күрес жұмыстарына Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы да атсалысты. Ұландық сарбаздар үйінді астында қалған адамдарды құтқаруға көмек берді.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылған. Өкінішке қарай, 3 адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі сәтте жарқыншақ тиіп жараланғандар және үйінді астынан табылған бірнеше адам ауруханаларда емделіп жатыр.
Айта кетейік, Қостанай қаласының ПБ ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі (абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика