spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 29, 2026
7.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында қаскүнем танысының банктік қосымшасынан өзіне жасырын ақша аударған

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Ер адам полицейлерге ағымдағы жылдың 16 қарашасында өзіне тиесілі банктік шоттан 254 мың теңге сомасында ақша ұрланғанын хабарлады.
Жеделтергеуіс-қимылдары барысында күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің 18 жасар танысы болып шықты.Өтініш беруші өзінің мобильді ұялы телефонына банктік қосымшаны орнату үшін оған көмекке жүгінген.
Жәбірленушінің заманауи гаджеттердің жұмысы туралы білімінің жоқтығын пайдаланып, ер азаматжәбірленушінің ақшасын өзінің банктік шотына аударып алған.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты 188-бап «Ұрлық»бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика