spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысы прокуратурасымен мектептерде бұзушылықтар анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының прокуратурасы облыс мектептерінде кешенді тексерулер жүргізуде. Алдын ала тексеру нәтижелері бірқатар елеулі бұзушылықтарды көрсетті.

Тексеру басталғаннан бері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, қауіпсіздік саласында, құрылыс және басқа да салаларда 200-ден астам бұзушылықтар анықталды.

Мектептерге денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар жұмысқа орналастырылған.

Ауыл мектептері бірінің жертөлесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауынгерлік қару-жарақпен оқу атыстары жүргізілген.

Жоғары сынып оқушыларының кіші сыныптарға қатысты қорқыту фактілері анықталды, оны бастаған балалар есепке алынды.

40 мектепте педагогтар біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Бірқатар мектептерде жалақы жұмысқа жалған орналастырылған жұмысшыларға аударылған, олардың ақшасы мектеп әкімшілігіне арналған болатын.

Мысалы, қалалық мектептердің біріне директордың орынбасарының туысы ресми түрде жұмысқа орналастырылған, ал директордың орынбасары оның жалақысын ай сайын алып отырған.

Бүгінгі таңда білім беру салсында қадағалау актілері бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да фактілер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Тексеру жалғасуда.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img