Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдейді.
Бүгінгі таңда бұл қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі, мұнда негізгі міндет инвесторлардың құқықтарын қорғау және олардың проблемаларын тиімді шешу болып табылады.
Осыған байланысты прокуратураның бастамасы бойынша фронт-офис құрылып, жұмыс істейді, онда инвесторлардың проблемалары жедел қаралады да және шешіледі.
Қазіргі уақытта Щучье-Бурабай курорттық аймағында «Seven Development» ЖШС отандық инвесторы 150 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайтын «балалар сауықтыру орталығының құрылысы» жобасын іске асыруда.
Жобаның құжаттарын ресімдеу кезінде инвестор жер учаскесін алуда кедергілерге тап болған.
Прокуратураның тапсырмаларынан (фронт-офис базасында) және кәсіпкермен өткізілген кездесуден кейін ғана уәкілетті орган жерге құқық белгілейтін құжат берді және жобаны іске асыру жалғастырылды.
Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.
Егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, облыс прокуратурасының кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы арқылы құқықтық кеңес ала аласыз (байланыс нөмірі +7 705 129 11 40).
Ақмола облысының прокуратурасы