spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
12.2 C
Kokshetau

Қазақстанда 23 335 ҮЕҰ тіркелген

Сондай-ақ...оқыңыз
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 23 мыңға дейін артты. Еліміздегі азаматтық сектордың белсенді дамуы ҮЕҰ жетекшілері мен сарапшыларының жүйелі жұмыс істеуіне жасалған мүмкіндіктермен тікелей байланысты, деп хабарлайды ҚӨР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бұл тұста 2020 жылы 27 тамызда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын» бекітуі айрықша маңызға ие. Азаматтық сектордың даму векторын айқындаған стратегиялық құжаттың арқасында еліміздегі түрлі салаларда ҮЕҰ белсенді құрылуда. Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызды мақсат-міндеттерге қол жеткізу.

Тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған ҮЕҰ-ның ең көп саны Алматы– 5017, Астана – 3554, Шымкент – 1512 қалаларында, Қарағанды – 1237, Қызылорда – 1217 облыстарында тіркелген.

ҮЕҰ қызметінің ашықтығы мен жобалары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2017 жылы Министрлік «ҮЕҰ дерекқорын» енгізді.

Бұл ретте ҮЕҰ санының артуымен қатар сапа көрсеткіші де маңызды. 2023 жылдың өзінде ҮЕҰ саны өткен жылдармен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика