spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 11, 2025
18.4 C
Kokshetau

Тәртіп сақшылары балаларды психобелсенді заттардан қорғауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полиция қызметкерлерімен, сондай-ақ үкіметтік емес сектор өкілдерімен бірлесіп Көкшетау қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысына қатысты.
Әңгімелесу барысында спикерлер кәмелетке толмағандар жасаған, оның ішінде есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша статистиканы жеткізді, оларды жасағаны үшін құқықтық салдарлар туралы айтып берді.
«Жастар мен жасөспірімдер ортасындағы есірткі тізбекті реакция сияқты таралады, ал ата-аналардың бұл мәселе бойынша білімі көп нәрсені қалайды. Нашақорлық мәселесін терең түсінбестен, ересектер оған мүлдем дәрменсіз болып шығады. Сондықтан, біздің ата-аналармен кездесуіміздің мақсаты-жасөспірімдердің жаңа буын синтетикалық препараттарын және «дәріханалық» нашақорлықты қолдану тәсілдері мен белгілері, сондай-ақ оларды қолданудың құқықтық салдары туралы білім беру. Біздің өскелең ұрпақты осы «зұлымдыққа» тартуға жол бермеу – бүкіл қоғамның міндеті», – деп атап өтті есірткі полицейі, ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция подполковнигі Құрманғожа Құсайынов.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында нашақорлықтың алдын алу бойынша 800-ден астам дәріс өткізілді, жалпы саны 33 мыңнан астам оқушы мен олардың ата-аналары қамтылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды.

Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика