spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Погондардағы донорлар: Ақмола полицейлері ЖКО құрбандарын еске алу күні қарсаңында жаппай қан тапсыра бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері а. ж. 13 қарашасында басталған Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні аясында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды акциясын ерекше қорытындылады.
Жыл сайын ЖКО-да жүздеген ақмолалықтар қаза тауып, жарақат алады. Тек өткен 10 айдың ішінде облыс жолдарында 486 ЖКО орын алып, 743 адам зардап шекті, 89 адам қаза тапты. Осы статистиканың маңыздылығын ескере отырып, полиция қызметкерлері ЖКО құрбандарын еске алу күні донорлық қанды жаппай тапсыру бойынша акция өткізді, оған Ақмола облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлерінің барлық құрамы қатысты. Алғашқылардың бірі болып Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Уәлихан Асылханұлы Жүніспеков қан тапсырды. Ол ақмолалықтар мен полиция қызметкерлерін қан тапсыруға шақырды. Тұрақты донорлар да, жаңадан келгендер де өз қанын тапсырды.
«…Бүгін патрульдік полиция батальонының жеке құрамы өз еркімен қан тапсыру акциясына қатысты. Күнделікті жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыра отырып, полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қырағы болуды ескертеді, алайда жол-көлік оқиғалары жиі кездеседі. Зардап шеккендерге кез келген көмек қажет, сондықтан бүгінгі акция өте маңызды», – деп атап өтті ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Уәлихан Асылханұлы Жүніспеков.
Бұдан басқа, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың ішінде «Абылай хан» алаңында ТЖД қызметтік автомашиналарын, жедел жәрдем мен патрульдік көлік құралдарын көрсете отырып, ЖКО-да қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алу аяқталды.
«…Бұл ЖКО-да қаза тапқандардың барлығын тағы да еске алуға, қаза тапқан отбасыларға жанашырлық танытуға, қаза тапқандардың отбасыларын қолдауға қоғамның назарын аударуға мүмкіндік», – деп түйіндеді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Аслан Алпысбайұлы Қызбикенов.
Жолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрақты бақылауда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img