spot_img
Сенбі, Қазан 4, 2025
4.4 C
Kokshetau

Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында робототехникадан өткен дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында жеңімпаз атанды. Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехникада дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Атап айтқанда, «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев 2-орын (күміс);

«Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров 3-орын (қола);

«Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев 3-орын (қола) алды.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы алғаш рет 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс-фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика