spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
-2.1 C
Kokshetau

Банкроттық рәсімін колдану мүмкіншіліктері кеңейтіледі

Сондай-ақ...оқыңыз
Жекелеген борышкерлер заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр. Қазіргі таңда заңнамалық өзгерістер дайындап жатырмыз, деп мәлім етті Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, ол заңнамалық өзгерістердің қатарында біріншіден, соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту бар. Екіншіден, азаматтар қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босатылып, қажет мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу көзделген. Және де төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау жоспарланып отыр.

«Барлық өзгерістер жеке тұлғалардың құқықтарын қорғап, мүмкіншіліктерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Және де осы процеске басқа да азаматтардың арыздарын қабылдауға мүмкіншілік береді. Қазіргі таңда қайтарылған арыздарды алты айдың ішінде қайта қарауға болады. Сондықтан заңнамалық өзгерістерден кейін қайтарылған арыздар бойынша қайта жүгінуге болады», – деп хабарлады қаржы вице-министрі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы және Gov.kz сайты арқылы онлайн тексере алады

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар үшін өз сайлау учаскесін іздеуге арналған цифрлық сервис қолжетімді. Дауыс беретін қажетті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика