spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Банкрот деп тануға өтініш берген азаматтардың көбі өз қарыз сомасын білмейді – қаржы вице-министрі

Сондай-ақ...оқыңыз
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның мүмкіншілігін пайдаланып, банкрот деп танылған азаматтардың 58 пайызы – ер азаматтар, 42 пайызы – әйелдер. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осындай статистикалық мәліметпен бөлісті. Сонымен бірге, ведомство өкілі банкрот деп танылғандардың жас мөлшері бойынша да ақпарат берді. Оның айтуынша, «ең жасы жоғары банкрот деп танылған азамат – 79 жастағы қария Қызылорда облысында тұрады. Ең жас 20 жастағы Алматы облысының тұрғыны.

Қаржы вице-министрі қазақстандықтардың өз берешектерінің көлемі туралы ақпаратты қадағаламайтындарын жеткізді.

«Банкроттық процесін іске асыру кезінде байқағанымыз, көп азаматтар өзінің қарыз сомаларын толыққанды білмейді немесе арыздарда дұрыс көрсетпейді. Мысалы, Атырау қаласының тұрғыны өзінде 8 млрд теңге қарызы бар деп арызында көрсеткен. Бірақ біз барлық қаржылық ұйымдардан мәлімет жинағанда нақты қарызы 1 млн 380 мың теңгені құрады. Немесе басқа мысал, Қызылорда облысының тұрғыны өзінің қарызын 1300 теңге деп көрсетті. Бірақ қаржылық ұйымдардың деректеріне жүгінсек, ол 1 млн 100 теңгені құрады. Сондықтан деректердің қайшылығын болдырмау үшін болашақта арыз бергенде нақты соманы көрсетпей, деректерді мемлекеттік кредиттік бюродан жинай аламыз. Сондай өзгерістер енгізгелі жатырмыз», – деп бөлісті спикер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img