spot_img
Жұма, Тамыз 14, 2026
29.2 C
Kokshetau

Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты – А.Есмағамбетова

Сондай-ақ...оқыңыз
Пандемияның аяқталғанына қарамастан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі және әлемдегі COVID-19-дың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова COVID-19 бойынша ел аумағындағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

«Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда COVID-19-бен сырқаттанушылық 35 есе төмен. Ағымдағы жылдың қазан айында 300-ге жуық жағдай тіркелді, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен 1,7 есе төмен», – деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі.

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда Омикрон штаммы 100%-ында анықталды.

«Пирола нұсқасы анықталған жоқ», – деп нақтылап өтті ведомство өкілі.

Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға вакцинациядан уақытылы өтіп, қарапайым алдын алу шараларын сақтауға кеңес берді. Тұмау, ЖРВИ, COVID-19 белгілері пайда болған кезде үйде болып, адамдар көп жиналатын орындарға бармай, дәрігерге қаралу керектігін еске салды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – елдік ой мен қоғамдық жауапкершіліктің жаңа белесі

Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымының орны айрықша. Ежелгі дәуірлерден бастау алатын бұл атау ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика