spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Бүгінде 3 қазақстандық күйдіргіден емделіп жатыр – ҚР ДСМ

Сондай-ақ...оқыңыз
Қазақстанда биыл күйдіргіге шалдығудың расталған 37 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында – 15, Қарағанды облысында 3 жағдай анықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова хабарлады.

«Бүгінгі таңда стационарда 3 науқас ем алуда. Жамбыл облысында – 1 науқас, Қарағанды облысында – 2 науқас», – деп нақтылады вице-министр.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, барлық жағдайда күйдіргіні жұқтыруға ауырған жануарларды мәжбүрлі союға және етін бөлшектеуге, тасымалдауға, сақтауға және кәдеге жаратуға қатысу себеп болған. Ал жұқтыру көзі ветеринариялық куәліксіз сойылған ауру мал болғаны анықталды.

Күйдіргі адамнан адамға берілмейтінін атап көрсеткен вице-министр ет және ет өнімдерін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүзеге асырылатын рұқсат етілген сауда орындарында ғана сатып алу, ал жануарларды алдын ала ветеринариялық тексеруден кейін ғана сою керектігін қазақстандықтардың есіне тағы бір салып өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img