spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы елді мекендерді сапалы байланыспен және интернетке қол жетімділікпен қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесіп, жиын барысында 2024-2027 жылдарға арналған Ақмола облысы елді мекендерінің интернетке қол жетімділігімен және сапалы байланыспен қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойды.

Кездесу барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне баса назар аударғанын ерекше атап өтті.

«Біз цифрландыру саласында жаңа технологияларды пайдалануды барынша жақсартуымыз, сондай-ақ, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды неғұрлым азайту үшін жағдай жасауымыз керек, бұл ретте Ақмола облысының ерекше мәртебесі бар екендігін басты назарда ұстап, осы үдеден көрінуіміз қажет», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жол картасын іске асыру шеңберінде 200-ден астам елді мекенге жалпы ұзындығы 3 000 шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізіледі, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары үшін елді мекендерде 102 антенналық-діңгекті құрылыс салынады. Сонымен қатар, 2024 жылы  Ақмола облысының 250 ауылдық мектебін жоғары жылдамдықты интернет байланысымен қамту көзделіп отыр.  Сондай-ақ,  2024-2027 жылдар аралығында «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысындағы 306 ауылды оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ 5g стандартының
56 базалық станциясын (БС) орнату жоспарлануда. Бүгінде
5G стандартының 6 БС орнатылды.

Тағы бір ерекше екпін түсіре атап өтерлік мәселе,  Ұлттық жоба аясында Ақмола облысындағы «Астана-Көкшетау», «Астана-Ерейментау», «Астана-Аршалы» бағытындағы үш автомагистралін интернетпен қамтамасыз ету көзделген. Бұл туризмнің дамуына да оң әсерін  тигізетіні анық.

«Облыстың барлық жол бағыттары бойынша байланыс құралдарының қолжетімділігі есебінен өңіріміздің туристік әлеуеті артатын болады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өз кезегінде министр Бағдат Мусин жолдағы интернеттің қолжетімділігін арттыру мәселесі ведомствоның басты бағыттарының бірі екендігін атап өтіп  және осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатындығына тоқталды.

Кеңес барысында өңір басшысы Цифрлық технологиялар қоғамдық қызметтің барлық салаларында қолданылатынын, деректердің кең көлемін талдауға көмектесетінін, құжаттарды ресімдеу кезінде қағазбастылық пен бюрократияны төмендететінін, сондай-ақ камераларды пайдаланып қылмыскерлерді іздеуді жеңілдететінін атап өтті.

Өңірімізде білім беру саласын цифрландыруға да ерекше көңіл бөлінеді.

«Ақмола облысының барлық мектептерінде балаларға бағдарламалау, қарапайым алгоритмдер құру, web-сайттар, компьютерлік ойындар мен анимациялар жасау дағдыларын еуропалық білім беру стандарттары бойынша үйренуге мүмкіндік беретін тегін «IT-сыныптар» жұмыс істейді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, кеңес барысында өңіріміздің  цифрлық технологияларды дамыту саласына өз үлесін қосып жүрген мамандар   баяндама жасады.

      Айта кетуіміз керек, қазіргі таңда облыста 58 000-нан астам камера орнатылды, оның 11 000-нан астамы ЖБО-ға шығарылды.

«Фото және бейнетіркеуді енгізумен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау деректері ұлғайып отыр, 90 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді», – деді Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Әбутәліпов.

Сонымен қатар, цифрландыру министрі Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ведомствосының алдында Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінен адами факторды алып тастау, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту міндеті тұрғанын баса айтты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img