Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне және «Атамекен» ӨКП-ге құрылыс саласындағы ЖШС директоры бюрократиялық кідірістерге шағыммен жүгінді.
Белгілі болғандай, компания көппәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға берген. Алайда, Көкшетау қаласының әкімдігі де, коммуналдық қызметтер де бірқатар құжаттардың жоқтығына сілтеме жасаған ресми жауаптар бере отырып, одан әрі қызмет көрсету үшін тұрғын үй инженерлік желілерін өз балансына қабылдамаған. Нәтижесінде желілерді беру процесі шамамен 8 жылға созылған.
Осыған байланысты кәсіпкер өз қаражаты есебінен инженерлік коммуникацияларға техникалық қызмет көрсетуді, соның ішінде инженерлік желілерді жөндеу шығындарын төлеуді қамтамасыз етті.
Департаменттің бастамасы бойынша бұл мәселе қалалық әкімдіктің кеңесінде қаралып, ғимараттың инженерлік жүйелеріне техникалық тексеріс жүргізу және оларды қызмет көрсететін ұйымдардың балансына беру туралы шешім қабылданды.
Нәтижесінде әкімдіктің қаулысы мен беру актісі негізінде сумен жабдықтау және кәріздің инженерлік желілері «Көкшетау Су Арнасы» балансына берілді, ал «Көкшетау жылу» кәсіпорны жылумен жабдықтау жүйесін енді ресми түрде балансына алды.