spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
3.6 C
Kokshetau

Ақмолалық педагогтер әскери-патриоттық байқауына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери технологиялық дайындық орталығы 2023 жылдың 22-24 қазан күндері «Алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың үздік педагогы (оқытушысы)-2023» байқауын өткізді.

Жарысқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық даярлық педагогтары мен оқытушы- ұйымдастырушылары қатысты. Жалпы саны – 28 адам.

Әскери-патриоттық байқау барысында қатысушылар тапсырма пневматикалық винтовкадан ату, ПВ-1 пневматикалық винтовкадан тұрып тіреусіз атуға отыз минут, ПВ-2 пневматикалық винтовкадан тізеге отырып атуға жиырма минут уақыт берілді.

Одан басқа АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру бойынша #12 нормативті орындады.
Оқжатарды жарақтандыру бойынша # 15 норматив орындалды.Жалпы әскери қорғаныс жинағын комбинезон ретінде кию , тактикалық шартты белгілермен жұмыс жасалды.

Байқау қорытындысы бойынша:
жалпы есепте
I-орын Бекмаганбетов Бекет Кумирсерикович, Көкшетау қаласы
II-орын Жабагин Тлектес Есенжолович, Мусин ат. Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.
II- орын Пашкевич Владислав Станиславович, Сандықтау ауданы.
III-орын Байтилеуов Кобыланды Турсынович, Бурабай ауданы.
III-орын Шипачев Дмитрий Александрович, Астрахан ауданы.
III- орын Казбеков Руслан Аманжолович, Гуманитарлық техникалық колледж, Степногорск қаласы.

Барлық қатысушыларға сертификат, жеке есепте жүлдегерлерге грамота мен медальдар табысталды. Жалпы есепте жүлдегерлер диплом, сертификаттармен марапатталды.
Құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика