spot_img
Сейсенбі, Наурыз 3, 2026
-11.1 C
Kokshetau

Бірқатар еуропалық мемлекет Транскаспий халықаралық көлік маршрутына кіруге қызығушылық танытып отыр

Сондай-ақ...оқыңыз
Бұл күндері Брюссельде Еурокомиссия Президентінің, ЕО және серіктес елдер үкіметтерінің, қаржы институттары мен кәсіпкерлердің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен Global Gateway 2023 форумы өтіп жатыр. Іс-шара «жасыл» энергетика мен «жасыл» сутекке көшу, инфрақұрылымды, аса маңызды шикізат ресурстарын және көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне арналған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік дәліздері бойынша пленарлық және панельдік сессияға қатысты.

«Біз тиімді транзиттік трансконтинентальдық дәліздер мен маршруттар желісін құрдық. Шығыс-Батыс бағыты бойынша Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі арта түсті. Бұған 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕО, ОА және ҚХР арасындағы жүк тасымалы көлемінің екі есе өсуі дәлел», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ ол 2017 жылдан бастап Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Румыния, Польша және Болгарияның қатысуымен Халықаралық ТХКМ қауымдастығы жұмыс істейтінін атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл күндері Австрия, Германия, Литва, Латвия, Эстония және Венгрия аталған көлік маршрутына кіруге қызығушылық танытып отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар есептен шығару куәлігін пайдалана алады

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар тіркеу орны бойынша емес, өзіне ыңғайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика